«Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының өкілдері Жетісу облысының «Кардиологиялық орталығы» ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына
кандидат, партияның өңірлік филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның
сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ел болашағы мен
өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтарға тоқталды.
Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікке қолайлы
жағдай қалыптастыру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, сыбайлас жемқорлықпен
күресті күшейту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ұжым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,
ұсыныс-пікірлерін білдірді.