30
Шілде

«Ақ жол» ҚДП Астана қаласының сайлауалды штабы «Қажсервис» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді

2026 жылғы 30 шілдеде «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының Астана қаласының сайлауалды штабы көлік жолдарын күтіп ұстауға, жөндеуге және қызмет көрсетуге маманданған қазақстандық ірі компаниялардың бірі – «Қажсервис» ЖШС еңбек ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, алдағы сайлау қарсаңында партияның Астана кәсіпорындарындағы еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесулерінің бір бөлігі болды.

Кәсіпорын қызметкерлерінің алдында партия өкілдері – Мейрамгүл Қабдығалиева, Виктор Микрюков және Александр Мендецкий сөз сөйледі, олар «Ақ жол» ҚДП сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып, қызметкерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Партияның парламенттік жұмысының қорытындылары

Мейрамгүл Қабдығалиева партияның Қазақстан Республикасының Парламентіндегі көп жылғы қызметін қорытындылады. Ол қатысушыларға «Ақ жол» он жыл бойы активтерді қайтару туралы заңның қабылдануын мәселесін көтергенін еске салды. Нәтижесінде ол 2023 жылы қабылданып және заңсыз шығарылған капитал мәселелерінде әділдікті қалпына келтірудің маңызды құралына айналды.

Спикер партияның дәйекті күш-жігерінің арқасында елде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң енгізілгенін, бұл мыңдаған азаматтарға борыштық жүктемеден заңды түрде шығуға және қаржылық әл-ауқатқа екінші мүмкіндік алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

М.К. Қабдығалиева сондай-ақ партия еліміздің жекелеген өңірлерінде арнаулы салық режимінің (АСР) мөлшерлемесін төмендетуге қол жеткізгенін айтты. Оның айтуынша, шағын кәсіпкерлікке бағытталған салық режимін жеңілдету кәсіпкерлерге түскен жүктемені азайтады.

«Дүкендегі үш қызметкер – бұл үш отбасын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Мейрамгүл Қабдығалиева.

Бұл сөзбен спикер шағын бизнесті қолдау абстрактілі экономикалық шара емес, нақты қазақстандық отбасылардың әл – ауқатына тікелей қамқорлық екенін атап өтті.

Сайлау кезінде ғана емес, әрдайым жұмыс істейтін Партия

Виктор Микрюков өз сөзінде бірінші кезекте «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлеріне кез – келген ауа-райында күнделікті, жиі байқалмайтын жұмысы үшін елордадағы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы тікелей байланысты болатын жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Ол ұжымға партияның негізгі бастамалары туралы айтып, ҚР Құрылтайының болашақ құрамындағы өкілдік мәселелеріндегі «Ақ жол» ұстанымын атап өтті.

«Ақ жол –  тек сайлау кезеңінде ғана емес, әрдайым жұмыс істейтін партия», – екенін Виктор Микрюков атап өтті.

Виктор Микрюков: «Құрылтайда тізімде әншілер мен блогерлер емес, кәсіпкерлері бар партиялар болуы керек», –  деді.

Партия ұстанымының бірізділігі туралы ойын жалғастырған Мейрамгүл Қабдығалиева «Ақ жол» партиясы саяси ахуалға немесе сайлау маусымына қарай өз бағытын өзгертпейтінін атап өтті.

«Біз сіздерге бақыт туралы бос уәде бермейміз. Біз нақты нәтиже беретін, өмірде жұмыс істейтін тетіктерді ұсынамыз», – деді Мейрамгүл Қабдығалиева.

Александр Мендецкий ұжымға 23 тамызда өтетін сайлауға белсенді қатысып, саналы таңдау жасауға шақырды. Ол азаматтардың сайлауға қатысуы мен ұстанымы болашақ Парламенттің құрамын айқындап, елдің даму бағытына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Ұжыммен ашық диалог

Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті. «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлері спикерлерге тұрғын үй нарығындағы ахуалға қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, баспана бағасының алдағы өзгерісі мен өңірлердегі тұрғын үй тапшылығының себептеріне қызығушылық танытты. Партия өкілдері барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бұл мәселелер бойынша «Ақ жол» партиясының ұстанымын түсіндірді.

Кездесу қорытындысында компания қызметкерлері 23 тамыздағы дауыс беруге міндетті түрде қатысатындарын жеткізді.