24
Шілде

«Ақ жол» демпартиясының өкілдері «SGM Group» ЖШС жұмысшыларымен жүздесті


«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалының үгіт-насихат тобы «SGM Group» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абзал Салықбаев, филиал төрағасының орынбасары Нұржан Толқынұлы және Арыс қалалық мәслихатының депутаты Нұржан Ибрагимов қатысты.

Кездесу барысында партия өкілдері жиналған қауымды «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

«Өндіріс ошақтары мен оның еңбеккерлері — ел экономикасының басты тірегі. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен өнімді жұмыстарыңыздың арқасында маңызды жобалар жүзеге асып, өңір дамып келеді. Партиямыз әрдайым еңбек адамының құқығын қорғауды және өндіріс өкілдеріне қолайлы жағдай жасауды басты назарда ұстайды», — деп атап өтті филиал төрағасының орынбасары Нұржан Толқынұлы.

Кездесу соңында «SGM Group» ЖШС жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері көтерілген мәселелер мен арыз-тілектерді партиялық бақылауға алатындарын жеткізді.

Өзгерістер қажет!