24
Шілде

«Ақ жол» демпартиясының өкілдері Арыс теміржолшыларымен жүздесті

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Арыс станциясының теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиынға «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абзал Салықбаев, филиал төрағасының орынбасары Нұржан Толқынұлы және Арыс қалалық мәслихатының депутаты Нұржан Ибрагимов қатысты.

Кездесу барысында партия өкілдері жиналған қауымды «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

«Теміржолшылар — ел экономикасының күретамыры. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында жүк пен жолаушы тасымалы үзіліссіз жүзеге асып отыр. Партиямыз әрдайым еңбек адамының құқығын қорғауды және өндіріс өкілдеріне қолайлы жағдай жасауды басты назарда ұстайды», — деп атап өтті филиал төрағасы Абзал Салықбаев.

Кездесу соңында теміржолшылар өздерін толғандырып жүрген түйткілді мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, еңбеккерлердің арыз-тілектері мен ұсыныстарын партиялық бақылауға алатындарын жеткізді.

Өзгерістер қажет!