24
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы Рудный қаласындағы «Карагулина» ЖК ұжымымен кездесті

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы Рудный қаласында орналасқан «Карагулина» жеке кәсіпкерлігінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партия өкілдері қатысушыларды сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарымен таныстырды. Соның ішінде шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша еркін пікір алмасты.

Жиын соңында қатысушыларға «Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат және ақпараттық материалдары таратылды.

Өзгерістер қажет!