23 шілде 2026 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы
«Ақ жол»
демократиялық партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы
үгіт-насихат жұмыстарына ресми түрде старт берді.
Алматының Іле
Алатауы бөктерінде өткен салтанатты іс-шараға тікелей байланыс орнатқан
телекөпір арқылы Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб басшысы, әрі Құрылтай
депутаттығына кандидат Батыржан Қорғанбаев, Құрылтай депутаттығына кандидат
Нұрлан Белшер және өңірлік штаб өкілдері қатысты.
“Ақ жол”
демпартиясының төрағасы Дания Еспаева арнайы батырманы басып, республика
көлеміндегі саяси науқанға жолдама берді.
Тікелей
төлекөпір аяқталған соң, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Батыржан
Қорғанбайұлы мен Нұрлан Түкмағанбетұлына кандидат ретінде ресми түрде тіркелген
куәліктері табысталды.
Айта кетейік,
“ақжолдықтар” сайлауалды науқан аясында республика бойынша еңбек ұжымдарымен,
кәсіпкерлермен, жастармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өткізеді.
“Ақ жолдың”
«Өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасының толық мәтіні партияның ресми
сайтында жарияланған: https://akzhol.kz/kk/program
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)