Құрылтай
сайлауының шешуші кезеңі басталды! «Ақ жол» демпартиясы Атырау облыстық
филиалының үгіт-насихат тобы «сөзден іске» көшіп, алғашқы
жүздесуін «Pauan N Tech» ЖШС-нің еңбек ұжымымен
өткізді.
Солтүстік
өндірістік аймағында өткен бұл жиынға 60-қа жуық кәсіпорын жұмысшылары мен
мамандары қатысты.
«Ақ
жол» демпартиясы қашан да отандық өндірісті өркендетуді, адал еңбек адамының
құқығын қорғауды және шағын мен орта бизнесті қолдауды басты ту етіп келеді.
Кездесуде партиологиялық құрғақ сөз емес, елді толғандырған нақты мәселелер мен
партияның сайлауалды бағдарламасындағы өткір бастамалар сөз болды. Өңірдің
әлеуметтік-экономикалық тынысы мен өндірісті дамытудың нақты тетіктері
жан-жақты түсіндірілді.
Басқосу
шынайы әрі ашық диалог алаңына айналды. Мұнайлы өңірдің еңбеккерлері өздерін
толғандырған түйткілдерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін ашық айтты. Партия
өкілдері әрбір сауалға тұщымды әрі нақты жауап берді.
«Ақ
жол» демпартиясы ел ішіндегі, өндіріс ошақтарындағы мұндай тікелей жүздесулерді
ары қарай да белсенді жалғастырады.
Өзгерістер қажет!

