24
Шілде

«Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штаб мүшелері сайлаушылармен жүздесіп жатыр

«Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық штабының мүшелері төраға Дания Еспаеваның бастауымен сайлаушылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жиында спикерлер елдегі өзгерістердің сөзсіздігіне тоқталып, мемлекет дамуының негізі – ұлттық мүддені қорғау екенін баса айтты. Жемқорлық, бюрократия және монополияны жоюдың басты құралы ретінде шынайы демократия, биліктің есептілігі мен құқықтық мәдениет аталды. Әлеуметтік бағытта «Ақ жол» сапалы білім, медицина, қолжетімді баспана және жұмыс орындарын ашу арқылы кедейлікті толық жоюды көздейді. Экономикалық блок шағын және орта бизнесті қолдауға негізделсе, сыртқы саясат ел мүддесін прагматикалық тұрғыда қорғауға бағытталуы тиіс.

«Ақ жол» тек бірлескен күш-жігермен ғана қуатты әрі әділетті Қазақстанды құруға болатынына сенім білдіріп, азаматтармен ашық диалогты жалғастыра береді.