Ақтөбе
облысына жұмыс сапары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания
Еспаева және партияның үгіт-насихат тобы «Дару» клиникасында болды.
Медициналық
мекеме басшылығы қонақтарды клиниканың қызметімен, сондай-ақ халыққа
медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру барысымен таныстырды.
Ұжыммен
өткен кездесуде Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды
бағдарламасының денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық көмектің сапасы
мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтары
мен мүдделерін қорғауға қатысты негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу
барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің ашықтығын
қамтамасыз ету, азаматтарға жеке шоттар ашу, медициналық ұйым мен дәрігерді
еркін таңдау мүмкіндігін беру, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік клиникалар
үшін тең жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Ашық
диалог форматында медицина қызметкерлері партия өкілдерімен саланың өзекті
мәселелерін, мамандардың еңбек жағдайы мен медициналық көмектің қолжетімділігін
талқылады. Дания Еспаева кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу
соңында клиника ұжымы мазмұнды әңгіме жүргізгені және денсаулық сақтау
саласының мәселелеріне көңіл бөлгені үшін «Ақ жол» демократиялық партиясының
өкілдеріне алғыс білдірді.