04
Тамыз

“Ақ жол”: Бейнеу ауданында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін “Ақ жол” еріктілері Бейнеу ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратты.

 

Еріктілер аудандығы сауда орындарын, қоғамдық көліктерді аралап, ақпараттық парақшалар үлестірді.  Сондай-ақ, арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат материалдарын орналастырды.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарын, алдағы 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және “Ақ жол” партиясына дауыс беруге шақырды.

 

Бейнеу ауданында партияның саяси бағдарламасы бойынша ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.