10
Маусым

2026 жылдың 13 маусымында «Ақ жол» Демократиялық партиясының Съезі өтеді

БАҚ назарына!

2026 жылдың 13 маусымында «Ақ жол» Демократиялық партиясының Съезі өтеді.

Съезд аясында делегаттар келесі мәселелерді қарастырады:

1. Жаңадан қабылданған Халықтық Конституцияға сәйкес партияның Жарғысына өзгерістер енгізу;

2. Партия бағдарламасының жобасын өзектендіру бойынша өңірлердегі партия филиалдарының ұсыныстары;

3. Басқа да мәселелер.

Съезд офлайн және онлайн қатысу мүмкіндіктері арқылы аралас форматта өтеді. Делегаттар үшін міндетті верификация рәсімі қарастырылған.

 

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 13 маусым, сағат 12:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 11, 6-қабат.

Байланыс мәліметтері: Арыстанова Айгерім, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз хатшысы, +7 702 689 2858.