2026 жылғы 29 шілдеде Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық сайлауалды
штабының мүшелері Қонаев қаласында, Еңбекшіқазақ ауданында, сондай-ақ
Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында, Іле
ауданының Байкент, Жайнақ және Ақсай ауылдық округтерінде тұрғындармен
кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді және партияның ақпараттық
материалдарын таратты.
Іс-шаралар барысында штаб мүшелері тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен
кездесіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі
бағыттарын кеңінен таныстырды. Кездесулерде кәсіпкерлікті қолдау, ауыл
шаруашылығын дамыту, өңірлік экономиканы нығайту, жаңа жұмыс орындарын құру,
әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, жастарды қолдау және халықтың әл-ауқатын
арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған
үгіт-насихат материалдары, ақпараттық буклеттер мен парақшалар таратылды.
Азаматтармен ашық пікір алмасу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтары
тыңдалып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Алматы облыстық сайлауалды штабы алдағы уақытта да облыстың қала және
ауылдық елді мекендерінде үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, тұрғындармен
тікелей кездесулер өткізу арқылы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен
насихаттайтын болады.
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

