2026 жылғы 27 шілдеде Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық сайлауалды
штабының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек ауылында орналасқан «Маяк»
кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Шынасилов
Мейраш, облыстық филиал төрағасының орынбасары Сағымбекұлы Абзалбек, облыстық
кеңес мүшесі Ерғалиева Еңлік, партия белсенділері Иманғалиева Айнаш және
Жаңғышупова Әлия қатысты.
Кездесу барысында сайлауалды штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық
партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып,
отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын
құру, еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, өндіріс саласына инвестиция
тарту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалар
жөнінде баяндады.
«Маяк» кәсіпорны – заманауи өндіріс орындарының бірі. Бүгінде кәсіпорын үй
жануарларына арналған мысықтар мен иттерге арналған құрғақ жем өндірісімен
айналысады. Өндіріс үдерісінде заманауи технологиялар қолданылып, өнім сапасына
ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп
қана қоймай, өндіріс көлемін ұлғайту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
Кәсіпорынның алдағы даму жоспарларының бірі – азаматтық қорғаныс
құралдарын, оның ішінде газтұмылдырық (противогаз) өндірісін іске қосу. Бұл
жоба өндіріс бағыттарын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және
отандық өнеркәсіптің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында еңбек ұжымы өндірісті дамыту, жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша өз пікірлері мен
ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде сайлауалды штаб мүшелері өңірдегі өндірістік
кәсіпорындарды қолдау, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және қазақстандық
өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру «Ақ жол» партиясының
негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Кездесу соңында Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері кәсіпорын
ұжымына ашық әрі мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіріп, алдағы Құрылтай
сайлауында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

.jpeg)