24
Шілде

2026 жылғы 24 шілдеде Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Мұхаметжан Түймебаев ауылының дәрігерлік амбулаториясының ұжымымен кездесті

2026 жылғы 24 шілдеде Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Шынасилов Мейраш, облыстық филиал төрағасының орынбасары Сағымбекұлы Абзалбек, Іле аудандық мәслихатының депутаты Ботабеков Олжас, облыстық кеңес мүшесі Ерғалиева Еңлік, партия белсенділері Иманғалиев Айнаш пен Бармашиков Дулат қатысты.

Кездесу барысында штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, денсаулық сақтау саласын дамыту, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту, еңбек жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Өз кезегінде штаб мүшелері медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесін дамыту «Ақ жол» партиясының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу соңында Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері амбулатория ұжымына жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, алдағы сайлауда белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.