24
Шілде

2026 жылғы 24 шілдеде «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы «BTK GROUP» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

2026 жылғы 24 шілдеде Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «BTK GROUP» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Шынасилов Мейраш, облыстық филиал төрағасының орынбасары Сағымбекұлы Абзалбек, Іле аудандық мәслихатының депутаты Ботабеков Олжас, облыстық кеңес мүшесі Ерғалиева Еңлік, партия белсенділері Иманғалиев Айнаш пен Бармашиков Дулат қатысты.

Кездесу барысында партия өкілдері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және өңір экономикасын нығайтуға бағытталған бастамалар жөнінде баяндады.

«BTK GROUP» ЖШС 1999 жылы құрылып, Алматы облысының Іле ауданында жер қойнауын пайдаланушы ретінде тіркелген. Компания алғашқы кезеңде жылына 5 миллион дана М-150 маркалы қызыл күйдірілген кірпіш өндіруге маманданған.

2016 жылдан бастап кәсіпорын өндіріс көлемін кеңейтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жылына 120–180 мың текше метр автоклавты газоблок шығаратын жаңа өндіріс желісін іске қосты. Сонымен қатар темір-бетон жабын плиталарын өндіретін қосымша өндіріс іске қосылды.

Бүгінде «BTK GROUP» ЖШС Алматы облысындағы құрылыс материалдарын өндіретін жетекші әрі жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 125-тен астам қызметкер еңбек етеді. Компания аудан бюджетіне жыл сайын 100 миллион теңгеден астам салық төлеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Кәсіпорында өнім сапасын тұрақты түрде арттыру, өндіріс шығындарын оңтайландыру, қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар компания ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Кездесу соңында еңбек ұжымымен ашық пікір алмасу өтіп, қызметкерлер өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойды. Партия өкілдері өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамдарының мүддесін қорғау «Ақ жол» партиясының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, кәсіпорын ұжымына жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.