Астана қаласындағы «Ақ жол» партиясының
бас кеңсесінде ұлттық мүдде мен мемлекеттік құрылыстың өзекті мәселелерін
қозғаған «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
жалпыұлттық байқауының қорытынды кезеңі сәтті өтті.
Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 430-дан астам жас қатысып, Алаш
арыстарының мұрасын терең зерттеуге деген үлкен қызығушылықтарын танытты.
Бірінші кезеңнен 42 қатысушы іріктеліп, Талдықорғандағы Жетісу университетінде
өткен жартылай финалда 12 үздік үміткер финалға жолдама алды.
Ақтық сынға қатысушылардың баяндамалары
мен пікірталастарын ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Дихан
Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы (онлайн), ҚР
Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, филология
ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл
сынды белгілі ғалымдар мен алаштанушылар бағалады. Модераторлықты ЕҰУ Қазақ
кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер
жүргізді. Сондай-ақ, пікірсайысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының
Мәжілістегі депутаттары тамашалады.
Байқаудың ашылуында сөйлеген сөзінде
ұйымдастырушылар Алаш идеясының мәңгілік
құндылығына және оның Қазақстанның қазіргі дамуындағы стратегиялық бағдарына тоқталды.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Төрағасы ашылу салтанатында сөйлеген
сөзінде Алаш идеясының мәңгілік құндылығына тоқталып: «бір ғасыр бұрын Алаш
арыстары тәуелсіздік жолында құрбан болса да, олардың еңбектері – өшпес мұра.
Алаштың Ұлттық идеясын толығымен іске асыру арқылы біз мықты, бай, дамыған мемлекет бола аламыз. Алаш идеясы – біздің
елімізге тарихи терең тамырдан сусындаған ұлттық бірегейліктің берік негізін
қалап, демократиялық құндылықтар мен стратегиялық дамудың бағдарын айқындайды»,
– деп мәлімдеді.
Байқау барысында ерекше қызықты,
танымдық және терең мазмұнды баяндамалар мен дискуссиялар өтті. «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры
Дихан Қамзабекұлы үздік жұмыстардың қоғамдық маңыздылығын жоғары
бағалап, оларды көпшілікке тарату мақсатында республикалық
газет беттеріне жариялауға рұқсат сұрады. Бұл факт жас мамандар мен
студенттердің Алаш мұрасын жаңғыртуға қосқан үлесінің ерекше бағаланғанын
көрсетеді.
Төрт номинация бойынша өткен
пікір-сайыстардың нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге
ақшалай сыйақылар табысталды.
«Алаштың әлеуметтік-саяси
идеясы және оның қазіргі сабақтастығы» номинациясы бойынша:
I орын - Айдын Алтай–
Жетісу облысы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ғылым департаментінің
бас менеджері, педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант (сыйақы 700 000
тг)
II орын - Руслан
Ахмаганбетов – Алматы, Әл-Фараби атындағы КазҰУ Саясаттану магистрі (500 000
тг)
||| орын - Анара
Арманқызы – Алматы қ., Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студенті (300
000 тг).
«Алаштың
рухани-ағартушылық қызметі және оның қазіргі Қазақстан қоғамына маңызы»
номинациясы бойынша:
| орын - Данияр Ихсан–
Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты (сыйақы 700 000 тг)
|| орын - Кәмшат
Төреқұлова– Маңғыстау облысы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының
мұғалім (500 000 тг)
||| орын - Алпамыс
Файзолла – Астана, Ұлыбританиядағы Абердин университетінің Ағылшын тілі мен
әдебиеті бойынша Гуманитарлық ғылымдар магистрі (300 000 тг).
«Алаш қайраткерлерінің
экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы бойынша:
| орын - Медина Қиса –
Маңғыстау облысы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі (700 000 тг)
|| орын - Канатбек
Куянбаев – Астана, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
магистранты (500 000 тг)
||| орын - Ардах Амиш –
Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті (300 000
тг.)
«Алаш тарихының
«ақтаңдақтары» номинациясы бойынша:
| орын - Дінмұхамед
Байжұма – Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия кафедрасының
магистранты (700 000 тг)
|| орын - Даниял Айдаров
– Алматы, Әл-Фараби университетінің студенті (500 000 тг.)
||| орын - Перизат
Оралханова – Форт-Шевченко, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі (300
000 тг)
«Ақ жол» партиясы бұл байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу
арқылы, Алаш мұрасын қазіргі заман талабына сай жаңғыртып, оның болашақ ұрпақ
үшін маңыздылығын арттыруды мақсат етеді.






