Азат Перуашев мемлекеттік кірістер органдарының қосымша салық үстеулеріне байланысты «Ақ жол» демпартиясына жүгінген ет комбинаттарының өкілдерін қабылдады.
Салық қызметкерлері тексеріс барысында қазақшылықпен және сойылған малдың етін мүшелеумен айналысатын ет комбинаттарының қызметі арнайы салық режиміне емес, жалпы белгіленген салық режиміне жатқызылуы керек деген тұжырымға келген екен.
Алайда, қолданыстағы талаптар фермерлер мен жүйке шаруашылықтарды малды тек арнайы жабдықталған алаңдарда (цехтарда) союға міндеттейді, бірақ, мұндай қасапшылық цехтары әр жерде бар деп айта алмаймыз («Ақ жол» фракциясы бұл мәселені бүгін ғана көтерген еді: https://youtu.be/IYRRYJsT4tI).
Сондықтан
кейбір шаруақожалықтары мен қарапайым ауыл тұрғындары малдарын өткізу үшін
оларды жақын маңдағы ет комбинаттарына ақылы негізде әкелуге мәжбүр.
Ет комбинаттары
бұл төлемдерді өз есептерінде қызмет түрі ретінде көрсетеді және ЭҚЖК өнімнің
мемклассификаторына сүйене отырып, ауыл шаруашылығы өнімі үшін ҚҚС-тың 70%
жеңілдігін ескереді.
Дегенмен, салық органдары Салық кодексінің 411 б. негізге ала отырып, бұл жеңілдік жұмыс пен қызмет түрлеріне емес, тек тауар өндірісіне ғана қолданылуы мүмкін деп көрсеткен.

Кәсіпкерлер өз
тарапынан бұл мәселенің жүйелік сипатын атап өтеді, себебі ауылшаруашылық
шикізатын жинау және өңдеу өте кең таралған тәжірибе болып табылады, олардың
айтуынша, бұл тек ет комбинаттарында ғана емес, сонымен қатар қант қызылшасын,
өсімдік майын өңдеуде және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа салаларында да қолданылады.
Мұндай қызметке жеңілдікпен салық салудан бас тарту ауылшаруашылық өндірушілері
үшін де, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу үшін де салықтық жеңілдіктерді
бұрмалайды.
Осылайша, ҚҚС толық мөлшерлемесін қолдану өңдеушілерге емес, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздеріне ауыртпалық түсіреді, өңдеушілер ҚҚС-тың бар ауыртпалығын соларға арта салады. Бұл ет пен басқа да өнімдердің бағасының өсуіне әкеледі, олар қазірдің өзінде инфляциялық үдерістерге ұшыраған.

Партия төрағасының өтініші бойынша Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек
Нұржанов осы кездесуге қатысып, ұсынылған құжаттарды қарап шығып, Салық
кодексінің 411-бабының сөзбе-сөз мәтініне сүйене отырып, салық қызметкерлерінің
ұстанымын растады. Ет өңдеу зауыттарының дәлелдеріне жауап ретінде ол осы
баптағы «тауарлар» ұғымын жұмыс пен қызметтерді (яғни, «өнімдер» ретінде) қоса
алғанда кеңірек түсіндіруден бас тартып, мемлекеттік кіріс органдарының заңды
сақтауға міндетті екенін алға тартты.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер көтерген басқа да мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді.
Соған қарамастан, анықталған кереғарлықтың (Салық кодексі мен ЭҚЖК өнімдердің мемлекеттік классификаторы арасындағы) жүйелік маңыздылығын ескере отырып, мен әріптестерімнен заңнамаға тиісті түзетулер дайындауды сұрадым, онда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жеңілдікті қызметіне тек тауарларды сату ғана емес, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтер де кіруі керек.
Партия төрағасы
Ж. Нұржановқа
серіктестік пен осы мәселеге қатысты біздің алаңдаушылығымызды түсінгені үшін
алғыс білдіреді.
Кейінге қалдырмай, мәселені шешімін табуға тырысамыз.