6 қыркүйекте Өзбекстан Республикасында «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогының мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы партияаралық байланыстардың рөліне арналған арнайы тақырыптық отырысы өтті. Халықаралық кездесуге «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Серік Ерубаев қатысты.
Кездесу аясында Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм туралы идеяларына және саяси партия істерін басқарудың қытайлық моделіне арналған Орталық Азиялық симпозиум ұйымдастырылды.
Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қытайдың саяси ұйымдарының өкілдері
бас қосқан бұл диалог еуразиялық кеңістіктегі партияаралық серіктестікті
нығайтудың маңызды алаңына айналды.
.jpeg)

.jpeg)