18
Желтоқсан

Азат Перуашев ҰҚТ құрды деп айыпталған кәсіпкерлердің туыстарының тобын қабылдады

https://t.me/peruash/14686

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Азат Перуашев ҰҚТ құрды деп айыпталған кәсіпкерлердің туыстарының тобын қабылдады. Көрсетілген құжаттарға сәйкес, бұл кәсіпкерлерге басқа ешбір айып тағылмаған, олардың барлығы ҰҚТ туралы бап бойынша ауыр айыптың салдарынан ұзақ мерзімдерге сотталып кеткен.

Кәсіпкерлердің туыстары «Ақ жол» Демпартиясының бұл мәселе бойынша жұмысы мен күресі жөнінде, біздердің Қылмыстық кодекске еңбек ұжымының ішінде қызметтік міндеттерді бөлудің негізінде ғана кәсіпкерлерге ҰҚТ бойынша бапты қолдануға тыйым салатын түзетулерді енгізуге қол жеткізгеніміз туралы біледі екен.

Олар ҚР ҚК аталмыш талабын соттар мен тергеу органдарының орындамай жатқандығы туралы депутаттық сауалымыздан да хабардар (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/adal-kspkerlerd-dalaud-doaru-azhet), әрі осы фактілерді растап, аталмыш айыптаулар бойынша сотталған туыстарына араша сұрап келді. Сотталғандардың туған-туыстары Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен Конституциялық соттың қаулысына қарамастан, соттардың шешімі жойылмағанына, ал, бұл істер бойынша апелляциялардың жеңіліс тапқанына наразылық білдірді.

«Ақ жол» Демпартиясының төрағасы кәсіпкерлерді қорғау, соның ішінде, оларға ҰҚТ бойынша баптың қолданылуын болдырмау бағытындағы жұмыстары жөнінде айтып берді. Біздің фракциямыз қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен Конституциялық соттың қаулысынан кейін Бас прокурор мен Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, ҰҚТ құрып, соған жетекшілік етті деген айыптар бойынша соттарда кәсіпкерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істер әліде қаралып жатқанын көтергенін хабарлады. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-k-tzetuler-abldanuna-bajlanst-kspkerlerd-t-rd-dep-ajptaud-totatud-talap-ett).

Бұл сауалымызға алынған жауапта қабылданған нормалардың іс жүзінде қолданылуы үшін Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы айтылған. Осыған байланысты Жоғарғы Соттың төрағасымен сөйлескенімізде, бізге осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып сендірген еді.

Сондықтан, жақын уақытта ҚР ЖС нормативтік қаулысына тиісті өзгерістер енгізіледі деп үміттенеміз, сол кезде кәсіпкерлердің үстінен ҰҚТ құрды деген айып бойынша қылмыстық істердің қозғалуы тыйылып, сот шешімдері қайта қаралуы қажет, себебі, Қылмыстық кодекстің 6 б. сәйкес заң айыпталғандардың не сотталғандардың жазасын жеңілдету шараларын көздеп өзгертілген жағдайда, мұндай нормалар кері күшке ие болады, бұл соған дейін шығарылған шешімдерге де қатысты. Әрине, бұл жағдайда ҚР ЖС енгізілетін өзгерістердің нақты тәпсірлеуіне де байланысты.

Бізге жүгінген азаматтардың хабарлауынша, олардың жақындарына ҰҚТ құрды дегеннен басқа айып тағылмағандықтан, бұл істер Жоғарғы Соттың тиісті шешімінен кейін қайта қаралады деген үміт бар.

Партия төрағасы бұл мәселені бақылауда ұстайды деп уәде берді. Жағдайдың шешілуі ұзаққа созылып жатса, өкілетті мемлекеттік органдарға қайта сауал жолдаймыз деп келісті.

Кездесу соңында Азат Перуашев оларға сабырлылық пен жаңа жылдың жақсылыққа толы болуын тіледі.